
Алматыдан Атырауға ұшып бара жатқан Бейбіт Қорған ұшақта шу шығарды.
Ішімдікке сылқия тойып алған әнші Бейбіт Қорған ұшақта шу шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram парақшасында жазды.
Әнші Алматыдан Атырауға ұшып бара жатқан. Ол ұшақ бортында боқтық сөздер айтып, әуе компаниясының талаптарына бағынудан бас тартқан.
«Әнші полиция қызметкерлеріне тапсырылып, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау фактілері бойынша хаттама толтырды.
Бүгін ол Атыраудағы сот алдына келіп, аталған екі құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылды. Оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», – деп жазды журналист.