«Маған көп мүмкіндік берді»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:20
- 31

Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесіне қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі ата-енесінің немерелеріне қамқорлық танытып отыратынын жеткізді.
“Екі құлыныма жүректері кең, ұрпақ қамын ойлайтын, махаббат пен қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әже нәсіп етті. Менің бұрынғы ата-енем балаларыма қарайды. Менің жұмысымның ақсап қалмауын түсініп, әрдайым қолдау білдіреді. Маған көп мүмкіндік берді. Жас кезімде дамысын, оқысын көрсін деп отырады. Аяққа тұрып, өсуімді тілейді. Бұрынғы күйеуімнің әке-шешесі өз ата-анама айналып кеткен. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Амандық болсын әрдайым”, – деп жазды әнші.
Ақбота бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловтың үйленуіне қатысты қойған оқырманнының сұрағына да жауап берді.
“Ол қуанышты жаңалыққа әрине ортақтасамын. Себебі әр адам өз тіршілігін реттеуге, алға қарай қадам жасауға лайық. Жүрегімде тек қана шүкіршілік сезімі бар. Ол кісіге тек бақытты болсын деп айтамын”, – деп жазды өнер иесі.