
Алматыда жылу ауа температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде беріледі.
Алматыда жылу қашан қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының дерегінше, бес күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.
Бірінші кезекте балабақшаларға, мектептерге, емханаларға, кәсіптік мектептерге және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі.
Кейін тұрғын үйлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде жылу қосылады. Содан соң әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да нысандар қосылады.