Көңілдесін соққыға жықты: Қандыағаш әкіміне айыппұл салынуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:05
- 17

Көңілдесін соққыға жықты деп айыпталған Қандыағаш әкімі Қазыбек Аққайырға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Orda.kz сайтының жазуынша, сотта прокурор Қазыбек Аққайырды кінәлі деп танып, айыппұл салуды сұраған.
Өткен сот отырысында іс бойынша жәбірленуші деп танылған әйел Қазыбек Аққайыр кабинетінде соққыға жығып, тұншықтырғанын айтқан. Ол моральдық шығын ретінде 500 мың теңге, адвокат шығынын өтеу үшін 300 мың теңге өтемақы өндіруді талап еткен. Сот өтінішхатты қарауға қабылдаған.
Әкімнің өзі тағылған айыпты мойындамаған. Соттан өзін ақтауды сұраған. Әйелмен қарым-қатынаста болғанына өкінетінін айтқан.
Бұған дейінгі сот отырысында жәбірленуші әйел Қазыбек Аққайырды 2021 жылдан бері танитынын. Онымен әлеуметтік желіде танысқанын, іс қозғауға себеп болған оқиға 2024 жылы әкімнің кабинетінде болғанын айтқан.
Қазыбек Аққайыр Қандыағаш қаласын 2024 жылдың шілде айынан бері басқарады.