Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз»: Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды

«Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз»: Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды
Сурет: orda.kz
Гүлбану Әбенова Ардақ Назаровты өзімен жекпе-жекке шығуға шақырды.

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты ашық жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы медиа маманы facebook парақшасында жариялады.

«Ардақ Назаров! Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын! Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет», — деді Әбенова.

Ол Ардақ Назаровтан тікелей эфирге оқу бітірген дипломдары мен студент кезіндегі суреттерін әкелуді талап етті.

«Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз!
Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!», — деді Әбенова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар