Атырауда полиция формасын киген ер адам жедел жәрдем көлігінде шу шығарды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:46
- 23

Атырауда мас ер адам жедел жәрдем көлігінде төбелес шығарды. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадағы ер адамның күштік құрылымға ұқсас форма киіп алған. Жанында жүрген полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерінің оны тексеру керегін айтқанын байқауға болады.
“2 қазан күні Балықшы ықшамауданында адамдар Toyota Highlander көлігінің ішінде есінен айырылғандай күйде отырған екі ер адамды байқап қалып, “103”-ке хабарласқан. Екеуі де қатты мас. Бірі полицияға тапсырылды, ал екіншісі — 29 жастағы атыраулық аяғынан жарақат алғандықтан жедел жәрдем көлігіне жеткізілді. Алайда ол жедел жәрдем ішінде қарсылық көрсетіп, төбелес шығарған. Ол полиция формасына ұқсайтын камуфляж киген”, – делінген жазбада.
Полиция департаменті ер адамның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін нақтылады.
“Қылмыстық кодекстің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі) бойынша қылмыстық іс қозғалды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы (Формалық киімді және арнайы киімді заңсыз кию) бойынша хаттама толтырылды”, – деп мәлімдеді полиция.
Іс материалдары сотқа жіберілді.