Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жүргізушілер жолда төбелес шығарды (ВИДЕО)

Алматыда жүргізушілер жолда төбелес шығарды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда базар маңында жүргізушілер бір-бірімен төбелесті.

Әлеуметтік желіде Алматыда жолдың қақ ортасында автокөлік жүргізушілері арасында болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі пышақ алып шыққан. Жүргізушілер арасындағы қақтығыс базар маңында болған.

Қалалық Полиция департаменті бейнежазбаны зерттеп, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Жанжалға қатысқандар анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Әрқайсының іс-әрекетіне жан-жақты құқықтық баға беріліп, тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар