Қызылорда облысында жасөспірімдер мүмкіндігі шектеулі баланы азаптаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:15
- 20

Қызылорда облысында ерекше қажеттілігі бар балаға жасөспірімдер қатыгездік танытқан оқиға тергеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеокадрлардан мүмкіндігі шектеулі баланың анасы жәбір көрсеткен жасөспірімге келіп, оны ұрсып жатқаны көрсетіледі. Кадрларда анасы дәкемен оралған баласының аяғын ашып көрсетеді. Онда баланың аяғы қатты күйгені байқалады. Алдын ала мәлімет бойынша бір топ жасөспірім балаға зорлық көрсетіп, оның аяқтарын отпен күйдірген.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Азаматтар кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп, ішкі істер министрлігінен қатаң шара қолдануды сұрап отыр. Қоғам белсенділері соңғы уақытта балалар арасындағы қатыгездік оқиғалары жиілеп кеткенін айтып, бұл мәселе ата-аналар мен ұстаздардың ерекше назарында болуы керек екенін ескертті.
Осы мәселеге қатысты Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов жауап берді.
"Бұзақылық дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы өзімнің ерекше бақылауымда", – деп пікір білдірді Серік Ергешов.