Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында мұғалім өз көлігінде оқушыға азғындық жасаған: сот үкімі шықты

Түркістан облысында мұғалім өз көлігінде оқушыға азғындық жасаған: сот үкімі шықты
Сурет: Freepik
Қазығұрт ауданында өз көлігінде оқушыға азғындық көрсеткен дене шынықтыру мұғалімі сотталды.

Түркістан облысында дене шынықтыру мұғалімі өзінің автокөлігінде оқушыға азғындық әрекеттер жасаған. Оған қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазығұрт ауданындағы мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық істі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот анықтамасына сәйкес, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өзінің автокөлігінде 2010 жылы туған оқушыға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасаған.

Айыпталушы сол уақытта балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндет жүктелген педагог болған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан педагогты белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды және 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, істі жеңіл бапқа қайта саралауды сұрады.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кінәлі деп танылып, оған 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар