«Жер қойнына тапсырдық»: Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлының неден көз жұмғаны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:56
- 77

Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлының өлімінің себебін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Продюсер марқұмның Тамара Асарға туған ұлындай болғанын айтты.
"Әлішерді жер қойнына тапсырдық. 22 жаста еді. 8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы емес. Алайда осы жылдар ішінде туғандай болып кетті. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы. Жұмаш пен кішкентай қыздары – Ажардың ағасы. Көп адамының оның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр: Ақтөбеде көлік қағып кетті. Досының үйлену тойына барған еді”, – деп жазды продюсер.
Айта кетсек, қайғылы хабарды Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі хабарлаған болатын.
“Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл орны толмас ауыр мезгілсіз қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін”, – деп жазды Наурызым ауданының әкімдікі.