Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көшеге шығудан қалған

«Өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көшеге шығудан қалған
Сурет: видеодан скриншот
Актер Дархан Мұсаев сұхбатында айтқанының барлығы шындық екенін жеткізді.

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат бергенге дейін қиын жағдайда болған.

"Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын", - деді ол. 

Айта кетсек, заңгер Айгүл Орынбек актриса бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен арыз түсіргенін жариялаған болатын. 

@bbb_trende #дариғабадықова #ажырасу #өсектайм #рекомендации ♬ оригинальный звук - Тіркел 🗣️

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар