Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сатыдан сырғанап кеттім»: Мақпал Жүнісова аяқ-қолын жарақаттап алды

«Сатыдан сырғанап кеттім»: Мақпал Жүнісова аяқ-қолын жарақаттап алды
Сурет: ашық дереккөздерден
Мақпал Жүнісова аяқ-қолын жарақаттап алғаны үшін Қайрат Нұртастың әкесінің тойына бара алмай қалды.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова аяқ-қолын жарақаттап алғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жарақатының салдарынан Қайрат Нұртастың әкесінің туған күніне бара алмай қалған. 

"Нұртас замандас, 60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз. Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. "Шапаныңыз" Гүлекеңнің каспиінде. Мен аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман қалғанымен тырнақ түбінен сынды", – деп жазды әнші.

Халық әртісі той иелерінен сарқыт келмегенін айтты

“Бір тілім сарқыт беріп жібере ме деп дәмелендім. Бірақ торт келмеді. Тез тырнағың өссін демеді”, – деп әзілдеді әнші. 

Желі қолданушылары ренжіген әншіні жұбатып, басу айтып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар