Мәдениет
«Неге мұндай жағдай болды, таңғаламын»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі шындықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:06
- 18

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен қарым-қатынасы жайлы сөз етті.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова отбасына қатысты ел арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Ревю» бағдарламасында айтты.
«Осы сәтте бір құпияны айтайын. Біз жұбайлар ретінде, кім туралы айтып тұрғанымды өздеріңіз білесіздер, үйдің ішінде үлкен айғай-шу болмаған, ыдыс-аяқ сылдырламаған. Қатты ұрысып та көрмеппіз. Неге мұндай жағдай болды деп кейде таңғаламын», - деді Мөлдір Мұқанова
Айта кетсек, осыған дейін желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқаны туралы әңгіме тарап кеткен болатын. Бірақ екеуі де әлі ешнәрсе анық айтпады.