Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мұрнын сындырып, ернін жыртқан»: Алматыда 18 жастағы жігітті бірнеше ер адам жабылып ұрған (ВИДЕО)

«Мұрнын сындырып, ернін жыртқан»: Алматыда 18 жастағы жігітті бірнеше ер адам жабылып ұрған (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда мас ер адамдар 18 жастағы жігітті ұрып кетті.

Алматыда 18 жастағы жігітті бірнеше ер адам жабылып ұрып кеткен. Алған жарақатының салдарынан қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Анасының айтуынша, бірнеше ер кісі ұлын басынан теуіп, мұрнын сындырған.

«Мен жалғызбасты анамын. Сіздерден көмек сұраймын. Менің 18 жастағы баламды 35-40 жасқа толған еркектер Толе би көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесінің алдында ұрып кетті. Досы екеуінің жағасынан алып, баламды ұрып құлатқан. Басын жарып, мұрнын сындырып, ернін жыртқан. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан теуіп, ұрып кеткен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін», - деді жәбірленушінің анасы.

Жігіттің сөзінше, ішімдікке сылқия тойып алғандар оларды досы екеуіне себепсіз тиіскен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар