Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павел Дуров Көлсай көлінде шомылды: Ішкі істер министрлігі қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты

Павел Дуров Көлсай көлінде шомылды: Ішкі істер министрлігі қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Көлсайда шомылған Павел Дуров қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін Ішкі істер министрлігі жауап берді.

Үкімет сағаты кулуарында Қазақстан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа Көлсай көлдерінде шомылғаны үшін айыппұл салына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір бұл мәселені министрліктің қарап жатқаны айтылды.

"Мұндай аумақтарда болу, шомылу фактілері бойынша хаттама толтыру мен айыппұл салу Экология министрлігінің құзыретіне кіреді. Біз тиісті материалдарды тіркеп, оларға жолдадық. Қазір бұл мәселені министрлік қарап жатыр. Біз тек БАҚ-та жарияланған мәліметтер негізінде материал жинап, оны қарауға бердік", — деді Милюк.

Ол Көлсай көлдеріне шомылған Павел Дуровқа қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.

"Барлығы құқықбұзушылықтың қалай сараланатынына байланысты. Ең жеңіл жаза — ескерту 10 АЕК (шамамен 39 мың теңге) көлеміндегі айыппұл. Бұл нақты құрамына қарай шешіледі", — деп түсіндірді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар