Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бауырыма басқан «БӨЛЕГІМ»: Тамара Асар ұлына жоқтау арнап, көпшілікті жылатты

«Бауырыма басқан «БӨЛЕГІМ»: Тамара Асар ұлына жоқтау арнап, көпшілікті жылатты
Сурет: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Тамара Асар күйеуінің бірінші некесінен туған ұлына жоқтау жазып, оқырмандарының жүрегін елжіретті.

Танымал әнші Тамара Асар жақында мезгілсіз қайтыс болған ұлына жоқтау айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, Тамара Асардың күйеуінің бірінші некедегі ұлы қайтыс болып кеткені туралы Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі хабарлаған болатын.

"Өндірдей болған өренім
Бауырыма басқан “БӨЛЕГІМ”
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлеңім…

Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы
Жүрегіме толды-ау құйылып.

Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда?
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да

Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз “ӨГЕЙ” десе де
Қайырын сұрап отырмын

Ардақты АҒАЙЫН!!!
Қиындықта қасымызда болып,алыстан-жақыннан көңіл айтып,қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп,рахметімізді айтамыз
Алланың ісіне шара жоқ,артының қайырын сұраймыз
Құдайдан үмітіміз бар
Жақсы күндер көп болсын
Жастар аман болсын
ДҰҒАДАМЫЗ…" деп жазды әнші парақшасында. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар