Ішкі істер министрлігі дүкендер мен супермаркеттерде алкогольді онлайн сатуға тыйым салуды ұсынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:22
- 88

Үкімет сағатында ІІМ басшысы Ержан Саденов Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер табыс табу мақсатында спирттік ішімдіктерді сату кезінде жас және уақыт шектеулерін елемейді. Мысалы, тәулік бойы жұмыс істейтін кафе мен барлардың атын жамылып сатады.
Министрдің сөзінше, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.
ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды.
"Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі - кісі өлтіру", - дейді ол.
ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты.
"Қазір онлайн жеткізу кеңінен қолданылады. Ал лицензиядан айыру шарасы тиімді емес, өйткені келесі күні оны басқа тұлғаға қайта рәсімдеп алуға болады", - деді Ержан Саденов.