«Балалары болмаса да, отбасын сақтап қалды»: белгілі актер Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 661

Белгілі актер Бақыт Тұшаев актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Дархан Мұсаев студент кезінен табыскер және асабалық өнері де мықты адам.
«Мен Дарханды сонау студент кезден білем. Ол менен бір жыл кейін марқұм Болат Атабаевтың курсына түсті. Первашым ғой. Жатақханада тұрдық. Дархан — адал дос, ақкөңіл азамат. Өте талантты жігіт. Театрға беретінін әлі толық бере алмай жүр, бірақ асабалық өнері де мықты. Студент кезінен-ақ табыскер болатын. Ең бастысы, көше төбелесінде досын тастап кетпейтін, жігіттің төресі еді», – дейді актер.
Актер соңғы уақытта әке ұғымы жойылып бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, Дархан Мұсаевтың ұрпақ сүймесе де әйелін осы күнге дейін қорғап келгенін айтты.
«Екеуі 16 жыл бірге өмір сүріпті. Балалары болмаса да, отбасын сақтап қалу үшін қандай сабыр керек десеңші. Қазір бес жыл бала көтермесе, келінді кінәлап шығарып салады. Ал Дархан он алты жыл бойы Дариғаны кінәламай, қорғап өтті. Бұл — еркектің нағыз сабыры мен адалдығы», - дейді актер.
Ол Дариғаға шығармашылық тілеп, Дархан Мұсаевқа болашаққа ұмтылуға кеңес берді.
«Дариғаның да өмірінде, шығармашылығында жолы болсын. Ал Дора, (біз оны солай атаймыз) — айтарыңды айттың. Енді еңсеңді көтер, басыңды тік ұста, театрыңа қайта орал. Сенің екінші тынысың енді ашылады. Өміріңнің жаңа парағы басталсын. Өткенің — сабақ, болашағың — үміт. Бұлттың артында күн барын ұмытпа», - деді актер.