«Басқа сотталғандармен тең жағдайда жазасын өтеп жатыр»: Ішкі істер министрлігі Бишімбаев туралы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:52
- 34

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайырбековтің айтуынша, Бишімбаев жазасын басқа сотталғандармен бірдей жағдайда өтеп жатыр.
«Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талаптарына сәйкес, басқа сотталғандармен тең жағдайда жазасын өтеп жатыр», – деді ҚАЖК төрағасы.
Журналистердің Бишімбаевтың жұмыспен қамтылуы мен жалақысына қатысты сұрағына вице-министр бұл ақпараттың жеке деректерге жататынын айтты.
«Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері жеке деректерге жатады және ол ақпарат тек туыстарына мен адвокаттарына ғана беріледі. Жалпы айтар болсам, біздің мекемелерде сотталғандардың шамамен жартысы еңбекпен қамтылған. Биыл біз жұмыс істеп жүрген сотталғандардың санын 3 мың адамға көбейттік және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ журналистер бұрынғы министрдің жалғыз камерада отырған-отырмағанын сұрады.
«Мен айтқандай, ол жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеп жатыр. Бұл сотталғанға ешқандай ерекше жағдай, жеңілдік немесе арнайы талаптар қарастырылмаған», – деп атап өтті Қайырбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Қостанайдан ұшпақ болған Qazaq Air ұшағының дөңгелегі жанып кетті
- авторkyn.kz
- 12 қазан, 2025