Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Балам реанимацияда жатыр»: Астанада әріптестерін алдап ақша жинаған әйел сотталды

«Балам реанимацияда жатыр»: Астанада әріптестерін алдап ақша жинаған әйел сотталды
Сурет: тригорода.рф
Астаналық 31 жастағы келіншек баласының еміне деп ақша жинап, Түркияда демалып келген.

Астанада декретте отырған әйел әріптестеріне өтірік айтып, баласының еміне деп ақша жинап алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті 31 жастағы әйелге қатысты алаяқтық факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Өтірік айтқан келіншектің үстінен әріптестері арыз жазған.

«Әйел басшысына хабарласып, үйінде трагедия орын алғанын айтқан. Яғни, «кішкентай балам терезеден құлап кетті, қазір реанимацияда жатыр» деген. Әріптестері оны аяп, баласының ем-домы үшін ақша жинап берген. Әйел ол ақшаны алып, Түркияда демалып келіпті», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Арада біраз уақыт өткен соң әріптесінің бірі оның күйеуіне телефон шалып, баласының жағдайын сұрайды. Сол кезде ер адам баласының аман екенін, ондай жағдай болмағанын айтқан.

«Әйелдің әріптестері оңбай алданғанын түсініп, полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғаған», - деп хабарлайды полиция.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар