Қасым-Жомарт Тоқаев: Парламентті реформалау – Сенатты тарату емес, өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғырту
- автор kyn.kz
- Бүгін, 14:36
- 52

Президенттің айтуынша, Парламентті реформалау – елдің мемлекеттік басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.
"Парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласына толық сай келеді. Бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, бұл реформалар елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы қоғамда туындаған кейбір түсінбеушіліктерге де тоқталып өтті.
"Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Негізгі мақсат – өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғырту. Осылайша азаматтардың мүддесін қорғайтын және олардың үнін жеткізетін заң шығарушы орган жаңа сипатқа ие болады", – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.