Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында бірнеше адам оқушыны зорлап, оның видеосын желіге таратып жіберген

Алматы облысында бірнеше адам оқушыны зорлап, оның видеосын желіге таратып жіберген
Сурет: Shutterstock
Алматы облысында бірнеше адам оқушыны жабылып зорлаған.

Алматы облысында бірнеше адам оқушыны зорлап, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Телеграмдағы парақшада жарияланды. Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында болған. Бірнеше адам жетім қызды зорлап, оны видеоға түсірген. Артынша интернетке таратып жіберген. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр. Оқушылармен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен жасөспірімге көмек көрсетіп жатыр.

Жамбыл аудандық білім бөлімі мектеп директорының айтуынша, оқиға туралы уақытында хабарлаған. Бірақ ата-аналар мен басшылық бұл істі жылы жабуға тырысқан.

«Мектеп директоры дұрыс әрекет етті, ол полицияға дереу хабарлауға міндетті болатын. Қазір тергеу органдары қылмыстық іс қозғады, барлық мән-жай анықталады. Дегенмен, біз қоғамнан жалған ақпарат таратпауға және балаларға қатысты мәселелерді хайпқа айналдырмауға шақырамыз. Себебі баланың тағдыры мен жағдайы – ең бастысы», – деді Жамбыл ауданының білім бөлімі басшысы Светлана Алтынбекова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар