«Сабақ кезінде толғағы басталды»: Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткер өмір бойына сотталуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қазан, 2025
- 152
Ақтөбеде кәмелет жасқа толмай босанған қызды зорлады деп айыпталып отырған 64 жастағы зейнеткер өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Ана мен бала санитарлық авиациямен Ұйыл аудандық ауруханасынан Ақтөбеге жеткізілді.
Көпшіліктің жағасын ұстатқан жағдай 13 қазан күні болды. 9-сынып оқушысының сабақ кезінде іші ауырып, толғағы басталды. Бірақ қыздың жүкті екенін не жақындары, не ұстаздары, не мейіргерлер білмеген. Ауруханаға жеткенде қыздың аяғы ауыр екені анықталды. Ол ұл босанды.
Ең сорақысы, қыздың апасының күйеуі баланың әкесі болуы мүмкін. Қария ұсталып, қамауға алынды. Іс “Кәмелетке толмағанды зорлау” бабы бойынша тергеліп жатыр. Ал оқушы қыз сәбиімен және анасымен бірге қазір облыстық перинаталдық орталықта.
“Нәресте жетіліп туған, салмағы 2770 грамм, жағдайы қанағаттанарлық. Қазір олардың стационарда жатқанынa екі тәулік болды. Анасының да жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің бақылауында және тексеруден өтті”, – деді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының директоры Гүлшат Темірбаева.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының босанғаны туралы жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




