19 жастағы жас футболшының өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:49
- 34

Кеше матч кезінде көз жұмған 19 жастағы жас футболшының өліміне қатысты мәлімет пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Клубтың хабарлауынша, оқиға "Екібастұзға" қарсы өткен матч кезінде орын алған.
"Оқиға матч кезінде орын алды. Әдеттегідей, стадионда жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болды. Диасқа дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – делінген ресми мәлімдемеде.
Диас Төлеу жедел жәрдем көлігімен төрт минут ішінде ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
"Клуб ұжымы Диастың отбасына, туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Диастың есімі мен жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазды клуб өкілдері.
Қазіргі кезде жас ойыншының қазасына байланысты Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория бастаған делегация Алматыға келды.
"Хан-Тәңірі" футбол клубы уәкілетті органдармен және Федерациямен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр. Жақын уақытта арнайы комиссия құрылып, барлық дерек жан-жақты зерттеледі. Мақсат – мәселені анықтап, болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу", – делінген мәлімдемеде.
Еске салсақ, 16 қазанда "Хан-Тәңірі" футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, көз жұмған болатын.