Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па?»: Айқын Төлепберген мемлекеттің көмегінсіз балаларын өзі асырап отырғанын айтты

«Көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па?»: Айқын Төлепберген мемлекеттің көмегінсіз балаларын өзі асырап отырғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанбақ.

Танымал әнші Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанады. Ол көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Жұлдыз үшінші баласына жүкті. 

“Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па? Бірдеңе бересіздер ме? Қанша дегенмен ана туды дегенімен, бәрін асырап жатқан мен ғой. Балалардың мектебі, киім-кешегі, үйірмелерінің бәрін төлеймін. Қалжыңдаймын", – деді Айқын.

Ол мемлекеттен ешқандай жәрдем алмайтынын және сұрамайтынын айтты.

"Әр балам екі үйірмеге барады, мемлекеттен бірнәрсе алуға болады екен. Бірақ мен мемлекеттен ештеңе сұрамаймын", – деп қосты эстрада жұлдызы. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар