Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы белгілі болды

Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы белгілі болды
Сурет: facebook.com/bobek.samopoznanie
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Назарбаева ем қабылдап жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкібайдың сөзінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар тараған. 

Айдос Үкібай сәуір айынан бері Сара Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап жатқанын айтады. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда.

«БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын», дейді Үкібай. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар