Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зорлап, өзенге батырып жіберген: Атырау облысында 7 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Зорлап, өзенге батырып жіберген: Атырау облысында 7 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Сурет: видеодан скриншот
Атырау облысында 7 жасар қызды зорлап өзенге батырып жіберген ер адамға сот үкімі шықты.

Атырау облысында 7 жасар қызды зорлап, артынша өзенге батырып жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталмыш қылмыс, осы жылдың маусым айында Құлсарыда болған.

Сот мәліметінше, 7 жасар қыз Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтар жолда адасып қалған. Сол жерде масаң күйде болған жергілікті тұрғынды кездестірген. Ол балаға жол көрсететінін айтып алдап, өзімен жүруді ұсынған.

"Сотталушы У. масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған. Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар