Мәдениет
«Бұл – сезім»: Дариға Бадқыова қуанышты жаңалығымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:38
- 29

Дариға Бадықова миссия орындалғанын айтып, қуанышты жаңалығын жеткізді.
Белгілі продюсер Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Актриса көрерменге алғысын білдірді.
«Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді.
Ыстық ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», – деп жазды Д.Бадықова.
Еске салсақ, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған болатын.