Жамбыл облысында аңға шыққан 12 жастағы жасөспірім сыныптасын атып тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:28
- 1

Жамбыл облысында аңшылық кезінде жасөспірім оққа ұшып көз жұмды. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Telegram желісіндегі Halyqstan арнасының мәліметінше, Жамбыл облысында екі жасөспірім түнде аң аулауға шыққан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 2012 жылы туған екі бала (сыныптастар) түнгі аңшылыққа шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер қоян аулауға шыққан. Балалардың бірі қоянға оқ атып, олжасына қарай жүгіріп кеткен. Бірақ әлі де тірі қоян қашуға тырысқан. Екінші жасөспірім қоянды тоқтатамын деп оқ атқан, бірақ оқ досына тиген", - делінген жазбада.
Жамбыл облысы полиция департаменті бұл факт бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
“Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазір істің толық, жан-жақты және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының өз міндеттерін тиісінше орындамауы және бақылаусыз қалдыруы салдарынан балалардың атыс қаруына қол жеткізуіне байланысты олардың жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге деректер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", — деп мәлімдеді полиция.