Батыс Қазақстан облысы Қызылтал ауылы маңынан тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарын тапты
Қорғаныс министрлігі өңірде шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы болғанын растады.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға елді мекендерден алыс жерде, адамдар тұрмайтын аумақта болған. Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның қайдан келгенін анықтауға бағытталған тексеру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, әуе кеңістігіне бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуінің алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданған.
Аталған аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік әріптестермен кеңес жүргізіліп жатыр, - деп нақтылады ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Қоғам
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




