Республика күні: Астана, Алматы және Шымкентте қайда баруға болады
- автор kyn.kz
- Бүгін, 17:13
- 46

Республика күніне орай елдің барлық өңірінде концерттер, фестивальдер, көрмелер, театр қойылымдары мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. El.kz интернет порталы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін ең қызықты іс-шаралар тізімін жасады.
Сауда және жеңілдіктер
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 24-27 қазан аралығында республика көлемінде мерекелік жаппай сатылымдар өтеді. Қазақстандықтар киім-кешек, тұрмыстық техника және үйге арналған түрлі тауарларды 10-70 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады.
Акцияға 220-дан астам сауда нүктесі, соның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, желілік дүкендер мен онлайн маркетплейстер қатысады.
Астана
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік бағдарлама 23 қазанда басталып, бірнеше күнге жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдени, спорттық және шығармашылық іс-шаралар күтеді.
23 қазан
Has Sanat галереясы – Қырым Алтынбектің Great Silk Way. Saka Gold көрмесі. VIII ғасырға тиесілі сақ артефактілерінің реконструкциясы.
Ұлттық архив – Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына арналған кітап көрмесі.
Nazarbayev University – Republic Day концерті.
ФОК «Өндіріс» – ерлер арасындағы «Байқоңыр барысы» қазақша күрес турнирі.
24 қазан
«Пабло Пикассо. Параграфы» көрмесі – Еуропаның жекеменшік коллекцияларынан 51 литография.
19:30 – ҚХЛ матчы: «Барыс» – «Амур».
25 қазан
Мәмбетов атындағы театр – «Сәйгүлік» спектаклі.
Мемлекеттік архив – «Егемен елдің ертеңі» виртуалды көрмесі.
Триатлон паркі – Республика күніне арналған жүгіру жарысы.
Есіл жағалауы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық мәдени орталықтары концерті.
Mega Silk Way және Abu Dhabi Plaza – ашық микрофон, балалар ойындары, домбыра кеші және сурет салу воркшоптары.
25-27 қазан – «Дәулет» теннис орталығында әуесқой теннис турнирі.
19:30 – Pozitiv барында стендап кеші.
Алматы
Қала әкімдігі мәлім еткендей, мерекелік іс-шаралар Медеуден бастап қаланың орталығына дейінгі кең аумақты қамтиды.
23 қазан
15:00 – Құрманғазы оркестрі залында мерекелік шара.
20:00 – Shelter спектаклі, Bunker арт-кеңістігі.
21:00 – Sezim Melodiasy музыкалық кеші, Central Stand Up Club Almaty.
24 қазан
11:00 – Оқушылардың шығармашылық орталығы
Алматы қаласы
11:00 – Оқушылардың Alatau инновациялық шығармашылық орталығында Республикa күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
11:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
15:00 – Жетісу ауданында (Есім хан көшесі, 127А) мерекелік концерт өтеді.
15:00 – Алматы қаласы әкімдігі концерттік оркестрінің Almaty Gallery-де өнер көрсетуі.
15:00 – Республика сарайында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған салтанатты концерт.
19:30 – Punch Stand Up Club-та «Чотам? Клинок, рассекающий демонов?» атты комедиялық шоу. Кіру – билет арқылы.
20:00 – Central Stand Up Club Almaty-да «Өте арзан психологтар» атты импровизациялық комедиялық шоу. Кіру – билет арқылы.
20:00 – Love Wine клубында әнші Дария Ақпарованың қатысуымен тірі музыка кеші өтеді. Кіру – билет арқылы.
22:00 – Icon Night Club-та Анна Седокованың концерті. Кіру – билет арқылы.
25 қазан
25-26 қазан күндері – Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі өтеді. Онда сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылады.
19:00 – «Жесть» клубында Грузияның Psychonaut 4 тобының концерті. Кіру – билет арқылы.
19:30 – Almaty Central Stand Up-та Темірлан Жалдыбаевтың «Компромисс» атты жеке стендап-концерті. Кіру – билет арқылы.
26 қазан
15:00 – «Қайрат» пен «Астана» командалары арасындағы футбол матчы. Кіру – билет арқылы.
Шымкент қаласы
25 қазан
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, негізгі мерекелік іс-шаралар «Астана» алаңында өтеді.
10:00-14:00 аралығында қалалық қуыршақ театры мен Шымкент циркінің әртістері өнер көрсетеді. Ұлттық дәстүр мен салтқа негізделген театрландырылған қойылымдар ұсынылады, сондай-ақ дәстүрлі орындаушылар шеруі өтеді.
19:00 – Отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт. Сахнада Yenlik, Мадина Сәдуақасова, Zаман тобы, Ғазизхан Шекербеков, Үшқын Жамалбек, Асет Есжан және Жігер тобы өнер көрсетеді.