Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың ата-анасы жаңа баспанаға ие болды

Шерзат Болаттың ата-анасы жаңа баспанаға ие болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Заңгер марқұм Шерзаттың ата-анасы баспаналы болғанын мәлімдеді.

Өткен жылы Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ата-анасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

"Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді.

Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқа да Алла разы болсын! Гүлбарам ханымның жүзінен қуанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды! Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін", - деп жазды заңгер парақшасында.

Заңгер жаңа үйге бейнекамера орнатуды ойластырып жатқанын айтты.

"Қолдаушыларымыздың арасында бейнекамера сататын жомарт жандар барма? Маған енді бұл отбасының қауіпсіздігі маңызды", - дейді заңгер Мейірман Шекеев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар