«Ол кісіні жақсы көрмеймін»: күйеуімен ажырасып жатқан Индира Елемес көзіне жас алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қазан, 2025
- 107
Әнші Индира Елемес жеке өмірі туралы сыр шертті. Айтуынша, күйеуімен ажырасқалы бері қара тізімге кірген. Көптеген жерлер әншіні шақырудан қалған, деп хабарлайды
Бұл туралы Kezdesu-ге қонақ болған ол айтып берді.
«Ажырасу мәселесі 2022 жылдан бері келе жатыр. Ол адам мені өз жекеменшігі көреді. Жанұя деген жеке бір мемлекет қой. Сондықтан іште не болып жатқанын сыртқа шығарғым келмейді. Өйткені балаларым бар. Олар ертең сұхбатты көреді ғой. Сондықтан ол туралы көп айтқым келмейді. Әр нәрсе адамның алдына келеді. Біз асықанымызбен Алла асықпайды. Мен ол адамның абьюзер екенін білген жоқпын»,- дейді әнші.
Айтуынша, күйеуін мүлдем жақсы көрмеген. Сол себептен де той жасап, ақ көйлек кимепті.
«Әйел адам ең бірінші өзін жақсы көру керек. Мен 10 жыл бойы уақытымды отбасыма арнағанмын. Өзім де қыз өсіріп отырмын, ештеңе айта алмаймын. Барлық қыз бақытты болсыншы. Мен ақ көйлек кимедім. Ол кісіні мен жақсы көрмеймін. Мен кішкентай кезімде сүйген адамыма тұрмысқа шыққанда ақ көйлек киемін дейтінмін. Ер азамат болғаннан кейін сыйладым. Біз қалай келістік, ол сөзінде тұра алған жоқ. Егер де сөзінде тұрғанда, мен әлі де сол кісінің жары болатын едім", - дейді Индира Елемес.
Сондай-ақ, әншінің сөзінше, жолдасы оны барлық жерлерден алып тастаған. Концертке, жобаларға шақыруға тосқауыл салған.



