Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тамара Асар «халық әртісі" атағына ие болды

Тамара Асар «халық әртісі" атағына ие болды
Сурет: akorda.kz
Тамара Асар мен Меруерт Өтекешова "халық әртісі" атанды.

Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өнер өкілдерін марапаттады. 

"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов,  Меруерт Өтекешова, Тамара Асар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

Еске салсақ, осы айдың басында Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы қаза тапқан болатын. 

“Әлішерді жер қойнына тапсырдық. 22 жаста еді. 8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы емес. Алайда осы жылдар ішінде туғандай болып кетті. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы. Жұмаш пен кішкентай қыздары – Ажардың ағасы. Көп адам оның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр: Ақтөбеде көлік қағып кетті. Досының үйлену тойына барған еді”, – деп жазды Жан Мұқанов. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар