Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қолдан келгеннің де, келмегеннің де бәрін жасадың»: Дана Нұржігіт Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді

«Қолдан келгеннің де, келмегеннің де бәрін жасадың»: Дана Нұржігіт Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне қолдау білдірді.

Белгілі журналист Дана Нұржігіт әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Мөлдір Мұқанова туралы тараған қауесеттерге қатысты айтып, көпшілікке біреудің өмірін талқыламауға шақырды.

«Отырған жерімде танымайтын адамдар менімен фотоға түсіп алып, ел ішінде тараған өсектердің рас-өтірігін сұрай бастайды. “Анау ажырасыпты ғой, иә?”, “Мынау ананың тоқалы екен ғой, рас па?” дейді. Осындайда менің жауабым біреу ғана — білмеймін, естімедім! Мөлдірдің жалғыз екенін елден естісем де, өзінен сұрамаппын. Фильм түсіріп, ән айта бастаған шағында ғана өз аузынан естідім», — деп жазды Нұржігіт.

Журналист Мөлдірдің күйеуіне деген оның шын махаббатын айтты.

«Мен Астанаға көшкелі он жыл болды. Сол уақыт ішінде Мөлдірдің күйеуіне қалтқысыз қызмет еткенін көзіммен көрдім. Оның үнсіз жүріп, іштей “өлген” Мөлдір болғанына 14 жыл екен ғой. Әйелді осындай екіжүзді болуға мәжбүрлейтін – намыс, үміт, ұрпақ пен ел алдындағы жауапкершілік. Мөлдір кешегі сұхбатында 20 жастағы кіршіксіз махаббатын, жастығын, жиырма жылдық ғұмырын жоқтап отырды. Ол “Мөлдір өлді” деді бізге», — деді журналист.

Сондай-ақ, бұл жағдайға байланысты ешкімнің жағына шықпайтынын жеткізді.

«Ешкімнің жағында емеспін. Бірақ жүрегім ауырды. Сен қолдан келгеннің де, келмегеннің де бәрін жасадың, Мөлдір. Балаларың жеткізеді. Ал сен осы жерден тоқта! Өмір мұнымен бітпейді. Алға, Мөлдір!» — деп түйіндеді Дана Нұржігіт.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар