Телефон сатып аларда ескеру қажет: жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2025
- 119
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға маңызды құлаққағыс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Смартфон сатып алмас бұрын IMEI кодын тексеріңіз! Телефоныңыздың IMEI кодын алдын ала тексеру – өзіңізді қорғаудың ең оңай әрі сенімді жолы.
Бұл сіздің құрылғыңыздың заңды түрде тіркелгенін және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі", - делінген хабарламада.
IMEI кодты *#06# теру арқылы немесе құрылғы қорабынан және корпустан табуға болады.
"Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған құрылғыны сатып алудан, байланыс желісіне қосылу қиындықтарынан, қажетсіз шығындар секілді қиындықтардың алдын аласыз", - дейді министрлік өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




