«Келісі 15-20 мың теңге болады»: сарапшы еттің бағасы өсетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:48
- 77
Қазақстанда еттің бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахымбеков айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, етті Қазақстан Өзбекстаннан импорттауға мәжбүр болады.
«Кейін еттің келісі 15-20 мың теңге болады. Қазақтар, басты ұлттық тағамымыз бешбармаққа өзбек етін салатын боламыз. Айтпақшы, мен 2019 жылы еттің бағасы 5-6 мың теңге болады деп ескерткенмін. Қанша сынаса да, менің болжамдарым орындалып келеді. Жағдайды біліп отырғандықтан осындай қорытынды жасадым. Қазір малдың 80-90 пайызы ұсақ шаруашылықтардың қолында. Өнімнің өзіндік құнының басты бөлігі – жем-шөп. Технология бойынша көп нәрсе бар, бірақ біз оны ұмытып кеттік, қолда бар жалғыз нәрсе – шөп. Ұсақ шаруашылықтардың техникасы жоқ, сондықтан олар шөпті фермерлерден сатып алады. Қуаңшылық болған бойда баға өсе бастайды», – деді ол TengeTalks YouTube-арнасына берген сұхбатында.




