Енді ChatGPT белгілі бір тақырыптарда пайдаланушыларға кеңес бермейді. Бұл туралы OpenAI компанияның ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Компанияның мәліметінше, жаңа талаптар мамандандырылған білім мен ресми лицензияны қажет ететін салаларға қатысты болып отыр. Атап айтқанда, енді ChatGPT медициналық немесе заңгерлік кеңестер бермейді. Мәселен, медициналық бейнелерді (рентген, МРТ, КТ және т.б.) түсіндіруге тыйым салынды.
Бұған қоса, OpenAI ұлттық қауіпсіздік, білім беру, тұрғын үй және еңбек қатынастары сияқты маңызды бағыттар бойынша да кеңес беруді шектеді. Осылайша компания өкілдері пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеген.
OpenAI мәліметінше, жаңа ережелер компанияның барлық өнімдеріне ортақ. Енді чат-бот тек жалпы сипаттағы ақпарат бере алады, ал нақты жағдай бойынша сұрақ қойылғанда жауап беруден бас тартады.


