Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-да ата-анасынан дүкенге апарамын деп 3 жасар қызды сұрап алған ер адам оны орманда зорлап кеткен

БҚО-да ата-анасынан дүкенге апарамын деп 3 жасар қызды сұрап алған ер адам оны орманда зорлап кеткен
Сурет: видеодан скриншот
БҚО-да үш жасар қызды дүкенге алып шыққан ер адам бүлдіршінді зорлап кетті.

Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қызды орманға апарып зорлаған ер адамға қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылғы тамызда Тасқала кентінде болған. Отбасы мереке тойлап жатқан кезде 32 жастағы ер адам қыздың ата-анасынан сұрап, бүлдіршінді дүкенге тәттілер мен балмұздақ әперуге алып шыққан. Ата-аналар ешқандай қауіп сезбестен келісім берген. Қыздың жоғалғаны бірнеше сағаттан кейін ғана байқалып, полицейлер мен ауыл тұрғындары іздеуге кіріскен. Бала келесі күні табылған.

Кейбір деректерде ауыл маңындағы орманнан қызды мас күйде ұйықтап жатқан ер адамның қасында тапқан. Басқа деректерде, күдікті өзі полицияға қызды қайда қалдырғанын көрсеткен деп айтылады.

Облыстық прокуратураның дерегінше, баланың зорланғаны анықталған. Күдікті бірнеше жыл бұрын ұрлық үшін сотты болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс арнайы ауданаралық сотқа жіберілді.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар