Мәдениет
«Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін»: белгілі актер Тұрсынбек Қабатовты қолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2025
- 74
Актер Берік Тұрсынбеков Тұрсынбек Қабатовты қолдап жазба жариялады.
“Күлпәш” рөлі арқылы танылған Берік Тұрсынбеков әйелімен ажырасып кеткен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram-дағы stories-те жазбасымен бөлісті.
”Қатын жолда, бала белде”, жасымаңдар жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу бізге міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін. Бала бағу біз үшін міндет емес, бақыт деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы”, — деп жазды Берік Тұрсынбеков.




