Қоғам
Қар жауып, көктайғақ болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2025
- 236
4,5 және 6 қарашада еліміздің кейбір өңірлерінде қар жауады.
Синоптиктер алдағы үш күнде 4, 5 және 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюіне әкеледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.
"Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты оңтүстік өңірлерде де жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) күтіледі, ал Қазақстанның солтүстік жартысында кей өңірлерде қар жауады", – делінген хабарламада.
Күндіз ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанады:
- солтүстік пен орталықта -2...-10 градусқа дейін,
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +2...+7 градусқа дейін.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




