Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген судья ұсталды. Бірақ оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Өйткені полиция департаменті оқиғаны тек растағаны болмаса, мас жүргізушінің аты-жөнін де, лауазымын да айтпай отыр. Белгілісі, Mazda көлігін патруль полиция қызметкерлері рейдте тоқтатқан. Ішімдік ішкен әйел бірден сараптамаға жөнелтіліпті. Қазір бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Астана сотының баспасөз қызметі іс бойынша әзірге ешқандай ресми материал түспегенін хабарлады. Сондай-ақ заң бойынша белгілі бір рәсім жүргізілмейінше, судьяны ұстауға ешкімнің құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
«Сараптама нәтижесі бойынша, жүргізушінің мас күйде болған. Көлік арнайы тұраққа қойылды, тексеріс жүргізілуде. Астана полиция департаменті ескертеді:көлікті мас күйде басқару – заңды өрескел бұзу және айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіру. Мұндай фактілерге жол берген адамдар заң аясында қатаң жауапқа тартылады», - дейді Астана қаласы, ПД баспасөз қызметінің бастығы Эльмира Шәуленова.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




