Қазақтарды "мамбетке" теңеген Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
- 205
Қарағандыда Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Мұхамадиеваға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот үкімі бойынша М. ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2025 жылдың шілдесінде желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған 23 жастағы кәсіпкер келіншек уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген. Сотта соңғы сөзін айтқан Алика Мұхамадиева өз әрекетіне өкініп, кішкентай қызы бар екенін айтты. Ол соттан жазаын жеңілдетуді сұрады.




