Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жақсы күйеу бола алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың кенже қызы әкесіне қатысты жазба жариялады

«Жақсы күйеу бола алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың кенже қызы әкесіне қатысты жазба жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден
Тұрсынбек Қабатовтың кенже қызы әкесін жақсы көретінін, бірақ оның анасына жақсы күйеу бола алмағанын айтты.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың кенже қызы Айару әкесіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Ол әкесін жақсы көретінін және ол үшін мейірімді әке болып қалатынын айтты.

“Қазір бәрі оны жаман адам деп айта бастайды. Бірақ ол мен үшін ең керемет әке болып қала береді. Мен оны әлемдегі барлық адамнан артық жақсы көремін әрі қатты бағалаймын. Мүмкін жақсы күйеу бола алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі орны бөлек — ол осы жылдар бойы өз махаббатын ісімен дәлелдеп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашып сөйлесіп алдық. Мен үшін адамдардың оны жамандап, жек көретіндерін жазғандарын оқу өте ауыр. Себебі жақын адамыңа тіл тигізсе, жүрегің ауырады, бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің оны қорғап жүргенімді ешкім көрмейді. Мәңгіге әкемнің қызымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айаруға бірнеше сұрақтар қойып, түрлі пікірлер жазуда. Сауалдарға жауап берген ол әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

“Анам сұхбатта әкемнің кей кездері белгілі бір себептермен бізбен хабарласпай, сөйлеспей жүрген сәттері болғанын айтқысы келді. Өз басым қазір әкеммен жақсы араласамын, бірақ отбасымызда онымен аса жақын емес адамдар да бар”, – деп жауап берген ол.

Көпшілік Айарудың шешемі дұрыс екенін айтып, оған жылы пікірлер қалдырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар