Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рамазан айы 2026 жыл: Ораза қашан басталатыны белгілі болды

Рамазан айы 2026 жыл: Ораза қашан басталатыны белгілі болды
Сурет: islam.az
Қасиетті Рамазан айы келесі жылы ақпанда басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2026 жылғы 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Ал Ораза айт – 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар