Көктайғақ болады: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:14
- 37
Синоптиктер 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және тәңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.




