Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"25 күн тамақ іше алған жоқпын": Шу ауруханасына емделуге барған әйел отадан кейін сөйлей алмай қалған

"25 күн тамақ іше алған жоқпын": Шу ауруханасына емделуге барған әйел отадан кейін сөйлей алмай қалған
Сурет: видеодан скриншот
Жамбыл облысында 57 жастағы әйел отадан кейін сөйлей алмай қалған.

Жамбыл облысында 57 жастағы науқас ауруханада қараламын деп, жағдайым одан әрі ушығып кетті деп шағымданды. Шолпан Ырысалиеваның айтуынша, Шу ауданы ауруханасының дәрігерлері оған мүлде басқа диагноз қойып, операцияға жіберген. Ал оянған кезде тамағына салынған түтік ауыз қуысын жыртып, бір ай бойы мүлде сөйлей алмай қалған. Қазір ақ халаттыларға қатысты қызмет тексерісі басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Шолпан Ырысалиева қыркүйек айында болған оқиғадан әлі де есін жия алмай отыр. Ол желке тұсына шыққан ісікті қарату үшін аудандық ауруханаға барған. Ал ондағы дәрігерлер қатерлі ісікке жататын түйінді анықтамастан, бірден кесіп тастамақ болды дейді. Алайда операцияға дейінгі шаралар сәтсіз басталып, науқастың жағдайы мүлде нашарлаған. Дәрігерлер екпе жасау кезінде жүйке тамырын таппай, төрт мәрте мүлт кеткен соң, отаны тоқтатуға тура келген.

«Мен 25 күн тамақ іше алған жоқпын, су жұтудың өзі бір арман болды. Одан кейін еш хабар-ошар жоқ. Мен адаммын ғой. Мынандай жағдай болғаннан кейін «әпке, сізді мен ала алмаймын, қалаға барыңыз» десе, мен өкпелемеймін, кетемін ғой», дейді Шолпан Ырысалиева.

Аудандық аурухананың бас дәрігері жағдайы нашарлаған науқасқа ақ халаттылар дұрыс қарамағанын мойындап отыр. Ол мұндағы кезекші дәрігерлер әйелдің жағдайына тиісті талдауды атүсті жүргізген дейді. Сондай-ақ жауапты хирургтің қауіпті ісікті елемей, бірден операция жасауға кірісіп кеткені үлкен қателік болғанын айтады.

«Мойынды шалқайтып жасаған кезде, кеңірдекке түсу үшін, ол кеңірдек көрінеді. Сол кезде кеңірдекке түсе алмаған. Анестезиолог-реаниматологттың жіберген қателігі. Дәрігерлердің жіберген қателігі, реаниматолог жоспарлы түрде бұл кісіні қарап тексеріп, қаупін анықтау керек еді», - дейді  Шу ауданы ауруханасының бас дәрігері Жайдар Айтишев.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар