Қра, жал, көктайғақ: 9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- Бүгін, 19:38
- 1
Астана қаласында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін, күндіз кей тұста 23 м/с-қа дейін күшейеді, екпіні 20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр мен қар жауады. Боран, көктайғақ болады. Жел 20 м/с-қа дейін, батыс, оңтүстік және шығысында 28 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда кей уақытта жаңбыр мен қар, боран және көктайғақ болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстікте әрі таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел 20 м/с-қа дейін, күндіз екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман, жел екпіні 20 м/с.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с, оңтүстігінде 23 м/с. Павлодар қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Атырау облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел күшейіп, 20 м/с-ке дейін, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда жел 18 м/с-қа дейін.
Қарағанды облысында түнде батыс пен солтүстікте аздаған жауын-шашын, күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Батыс және солтүстік бөлігінде көктайғақ пен боран күтіледі. Солтүстік өңірде жел екпіні 20 м/с-қа дейін, күндіз кей уақытта 23 м/с. Қарағандыда түнде аздаған жауын-шашын, күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ және боран. Таңертең және күндіз жел 20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыста тұман байқалады. Түнде оңтүстік-шығыс өңірде жел 20 м/с-қа дейін, күндіз 20 м/с, батыс пен оңтүстікте 23 м/с-қа дейін. Петропавлда жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ, тұман, күндіз жел 20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман. Түнде солтүстік және шығыста жел 20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе облысында солтүстік пен шығыста жел 20 м/с-қа дейін. Ақтөбеде жел 18 м/с.
Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстік, солтүстік және таулы аумақтарда тұман. Күндіз солтүстік, батыс және таулы өңірлерде жел 20 м/с. Түркістанда күндіз жел 20 м/с.
Абай облысында түнде батыс, солтүстік және орталық өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, күндіз солтүстікте қар жауады. Жел 20 м/с-қа дейін, кей уақытта 25 м/с. Семейде түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран, жел 20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар, көктайғақ және боран күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел солтүстік, оңтүстік және орталықта 20 м/с, күндіз 23 м/с. Өскеменде жаңбыр, қар, көктайғақ, боран, жел екпіні 18 м/с.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар, күндіз солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ, боран, батыс, солтүстік және шығыста тұман. Жел 20 м/с-қа дейін, күндіз солтүстік және шығыста 23 м/с. Қостанайда жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, жел 20 м/с.



