Қазақстандық компания егін шаруашылығында суды үнемдеу мақсатында жаңбырлатып және тамшылатып суару техникаларын өндіруде
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:24
- 104
Қазақстанның басты қолға алған саяси бағдарламасының бірі ол – ауылшаруашылығын дамыту. Оның ішінде егін шаруашылығы, Диқандардың еңбегі жемісті болуы үшін оларға айтарлықтай заманауи техника керек. Бұған басты көмекші агротехниканы шығарып жатқан BNK GROUP кәсіпорны. Бұл еліміздегі ауылшаруашылығына қажетті техникалар мен тракторлар шығаратын өндіріс орны. Онымен қоса, мұнда тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері жасалады. KYN.KZ ақпарат агенттігі бұл кәсіпорынның өндірісі туралы және оның экономикамызға әкелетін тиімді тұстарын жазады.

Түркиядан, Қытайдан, Америкадан осы жаңбырлатып суару техникаларын әкеп, Қазақстанда орнатылған. Бұл компанияның еліміздегі барлық облыстарында жобалары бар. 2023 жылы зауыттың құрылысы басталып, 2024 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылыған. Қазіргі таңда 22 цех іске қосылған. Осы уақытта жаңбырлатып суару мен тамшылатып суару системаларын шығаратын зауыт жүз пайызға жұмысын істеп жатыр. Зауытта 250-ден астам жұмысшы істейді. Ал мезгілдік жұмысқа 350 адам жұмыспен қамытылады екен.
BNK Grouр – су шығынын азайтуға мүмкіндік береді
BNK Grouр жаңбырлатып суару құрылғысының түр-түрін тамшылатып суару құрылғыларын, тракторлар мен ауыл шаруашылық жабдықтарын агродрондармен коммуналдық техниканы, сэнвич панельдермен модульдік үйлерді өндіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша компания 24 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Ал түрлі жобаларға барлығы 26 600 000 000 теңге қаржы жұмсады. BNK Grouр өнімдері әсіресе агрлық секторда тиімді. Мысалы тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелеріне арналған құбырлар мен жабдықтар егіс өнімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда суарылатын жер көлемі жыл сайын артып келеді. 2024 жылы жалпы 158 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде тамшылатып суару 44 мың гектарға, жаңбырлатып суару 56 мың гектарға енгізілген. Тамшылатып суару арқылы су шығынын 40-50 пайызға дейін қысқартып өнімділкті 1,5 және 2 есеге арттыруға болады. Су шығынын 20-30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Мәселен, оңтүстік-шығыс Қазақстанда қызанақты тамшылатып суару жүйесі суды 41 пайызға үнемдеді. Және өнімділкті 39,5 пайызға арттырды.

Өндірістің тамшылатып суару бөлімінің басшысы Сұлтан Дастанұлының айтуынша, осы жылдың өзінде 2500 гектарға система жүргізіліп қойған. Жылдың соңына дейін 5000-ға толықтыру жоспарда бар көрінеді. Зауыт бір жылда 2 жарым миллион метр труба шығаратынын айтады. Ал қоймада 42 миллион метр лента қоймада барын жеткізді. Келесі жылға осындай дайындық жасап қойған.
BNK Grouр компаниясы су ресурстарын тиімді пайдалануға үлес қосады
BNK Grouр компаниясының маңыздылығына және пайдалы тұсына тоқталсақ, су ресурстарын тиімді пайдалануға үлес қосады. Сондай-ақ, экономикалық дамуға да септігін тигізуде. Яғни, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің өндірістік қуатын арттыруда үлесі зор. Болашақта тамшылатып суару жүйелері үшін екі жаңа зауыт ашу жоспарға қосылған. Компания жылына 1 000 дана арнайы техника шығаруды көздейді. Түркістан облысының климаты құрғақ болғандықтан егінге су қажет. Міне, осы жағынан компанияның пайдасы зор. Тамшылатып суару тәсілі әсіресе мақта, жоңышқа, жүгері, көкөніс пен бау-бақша шаруашылықтарына тиімді. Осы әдістің нәтижесінде фермерлер қуаңшылыққа қарамастан тұрақты өнім алып, шығынды азайта алуы бек мүмкін екен. BNK Group технологиялары экологиялық тұрғыдан да пайдалы екенін көрсетеді. Өйткені су топыраққа тегіс сіңеді және жердің тұздану қаупін азайтатынын айтады мамандар.

Түркістан облысы Сауран ауданы "Гүлнәр" шаруа қожалығы 350 гектар жерге егін еккен. Қожалық иесі жеріне су алыс болғандықтан дәл осы компанияның құрылғыларын алып тамшылатып суару тәсілін қолданыпты.

"Біз қырлы жерде орналасқанбыз. Бізге ешқандай табиғи жолмен су, арық, көл жақын емес. Сол себепті BNK Grouр компаниясымен серіктес болып, олардың құрылғыларын алдық. Алдымен бірнеше жерден құдық қаздық. 350 гектар жерге арнайы трубаларды жүргізе отырып, тамшы түрінде су жететін еттік. Бұл біріншіден суды үнемдейді. Екіншіден қажетті мөлшерде ғана қолданылады. Әрі тапшылық, құрғақшылық болмайды. Сол себепті биыл мақта өнімін жақсы аламыз деген жоспар, сенім бар",-дейді "Гүлнар" шаруа қожалығының өкілі Өмірбек Тұрғанбай.



