Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мен керек емеспін»: Алматы облысында өзіне суицид жасаған 6-сынып оқушысының інісі отбасынан алынды

«Мен керек емеспін»: Алматы облысында өзіне суицид жасаған 6-сынып оқушысының інісі отбасынан алынды
Сурет: dribin.by
Өзіне қол жұмсаған оқушының отбасынан кенже баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Алматы облысының Саймасай ауылында өзіне қол жұмсаған 6-сынып оқушысының өлімінен кейін оның кенже інісі отбасынан алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы облысының білім басқармасында хабарлағандай, бұл отбасының ең кіші баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылған, ал үлкен ұлы колледжде білім алып, жатақханамен қамтамасыз етілген.

«Осы жағдай бойынша аудандық және облыстық білім бөлімдерінің мобильді тобы толық зерттеу жүргізді. Мектеп психологының диагностикалық жұмысының нәтижесі бойынша сынып жетекшісіне — оқушыға көбірек көңіл бөлу, жиі мадақтау, сырттай қолдау көрсету, баланың күнделікті өміріне қызығушылық таныту жөнінде ұсынымдар берілді. Сондай-ақ оқушының анасымен баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру үшін жеке жұмыс жүргізу қажеттігі туралы әңгіме өтті. Алайда анасы психологиялық көмек алудан жазбаша түрде бас тартқан», — делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар полиция департаменті 6-сынып оқушысының өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 27 қазан күні Алматы облысындағы Саймасай ауылында 6-сынып оқушысы өз үйінің ауласында өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді. Алматы облысының білім басқармасы трагедиядан кейін отбасының аз қамтылғандар қатарында есепте тұрғанын, бірақ асоциалды мінез-құлық танытпағанын хабарлаған еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар